Көкшетауда дәстүрлі «Бір ауыл — бір өнім» көрмесі өтті
14.07.2025 10:43:30 308
Шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жарқешов, бизнес қауымдастығының, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Көрмеге Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалаларынан және Атбасар, Ақкөл, Астрахан, Бурабай, Бұланды, Жақсы, Целиноград аудандарынан келген 50-ге жуық қатысушы өз өнімдерін ұсынды.
«Бір ауыл — бір өнім» көрмесінде Ақмола облысының өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынды.
Концерттік бағдарламада өнер көрсеткендер: республикалық байқаулардың лауреаттары Абылайхан Орманбек, Маржан Қайыргелдіқызы, Бауыржан Нұрымбетов, Бәтима Изинаева, Айдын Хамза.
Аталмыш көрменің жүргізушілері «Мәдениет саласының үздігі» Тоқтарбек Қалдырбаев және София Флейшгауэр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1033869?lang=kk