KazAID пен JICA ынтымақтастықтың келешегін талқылады

KazAID пен JICA ынтымақтастықтың келешегін талқылады

15.07.2025 17:54:04 264

KazAID пен JICA ынтымақтастықтың келешегін талқылады

2025 жылғы 14 шілде, Астана қаласы – KazAID кеңсесінде KazAID Басқарма Төрағасы Аркен Арынстанов пен Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) Тұрақты өкілі Котаро Нишигата арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар өз қызметінің негізгі бағыттарын таныстырып, халықаралық даму саласындағы ықпалдастықтың болашақ форматтарын талқылады.
Тараптар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, KazAID пен JICA арасындағы серіктестікті нығайту жолдарын белгіледі.

Бұл кездесу Қазақстан мен Жапония арасындағы ресми даму көмегі саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1034932?lang=kk