Санитарлық тазалық және бюджет игеру мәселелері қаралды
15.07.2025 18:33:12 374
Бүгін Қармақшы ауданы әкімдігінде аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен кеңейтілген жиын өтті.
Мәжіліс барысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен аудан бюджетінің игерілу барысы қаралды. Қаржы игеру жұмыстарының уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуы басты назарға алынды.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы санитарлық тазалық, демалыс орындары мен тарихи-мәдени ескерткіштердегі қауіпсіздік және тәртіп мәселелері де сөз болды. Жауапты бөлімдер мен кент, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді.
Мәжілісте суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары мен тұрғын үй мәселелері де көтерілді. Аудан аумағында суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен тұрғын үйлермен қамту бағытында бірқатар тапсырмалар берілді.
Жиын соңында аудан әкімі барлық жауапты тұлғаларға нақты мерзімдер мен бағыттар бойынша тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1035001?lang=kk