Астанада сынақ зертханасы лифтілерді тексеру кезінде заң талаптарын бұзды – 132 бұзушылық анықталды
16.07.2025 11:52:04 330
Жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында «Казлифтконсалтинг» ЖШС сынақ зертханасына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 415-1-бабының 1-бөлігі, 2-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бойынша 132 іс қозғалды.
Анықталған фактілерге сәйкес, зертхана Кеден одағының КО ТР 011/2011 «Лифттердің қауіпсіздігі» техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау жұмыстарын аккредиттеу саласына кірмейтін көрсеткіштер бойынша жүргізген. Бұл Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 14-бабының 5-тармағына қайшы келеді. Аталған тармаққа сәйкес, аккредиттеу субъектілері жұмыстарды тек аккредиттеу саласы шеңберінде орындауға және тиісті нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға міндетті.
«Сәйкестікті бағалау саласындағы заңнаманың сақталуы – әсіресе лифт сияқты техникалық күрделі объектілердің қауіпсіздігі сөз болғанда – ерекше маңызды. Біз нарықтың барлық қатысушыларын Қазақстан Республикасының белгіленген заң нормаларын қатаң сақтауға шақырамыз, бұл қауіптерді азайтуға және жабдықтардың сенімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп түсіндірді ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова.
Сынақ зертханасына екі миллион үш жүз мың екі жүз жиырма теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1035278?lang=kk