Қазақстанда «Чекті талап ет – Halyk Bank-тен сыйлық ұтып ал!» акциясы басталды

Қазақстанда «Чекті талап ет – Halyk Bank-тен сыйлық ұтып ал!» акциясы басталды

16.07.2025 11:52:05 429

Құрметті павлодарлықтар!

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Halyk Bank және Amian мобильді қосымшасымен бірлесіп, «Чекті талап ет Halyk Bank-тен сыйлық ұтып ал!» атты республикалық акцияны іске қосады. Бұл бастама қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды танымал етуге, фискалдық тәртіпті арттыруға және тұтынушылардың саналы мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған.

 

Акция өткізу мерзімі: 2025 жылғы 1 маусымнан 30 қарашаға дейін.

Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары қатыса алады.

 

Қатысу шарттары:

Halyk Bank картасы немесе Halyk QR-коды арқылы Halyk POS-терминалдарда сауда жасаңыз;

Фискалдық чектерді Amian мобильді қосымшасына жүктеңіз;

Amian профиліңізде ЖСН көрсетілгеніне және төлем картасы өз атыңызға рәсімделгеніне көз жеткізіңіз – бұл ұтыс ойынына дұрыс қатысу үшін маңызды.

 

Сыйлықтар:

Ай сайын – еліміз бойынша 30 жеңімпаз анықталады.

Әр жеңімпаз Halyk Bank-тегі бонус шотына 100 000 бонус алады.

Жеңімпаздар RANDOM.ORG сайты арқылы кездейсоқ түрде анықталып, әр айдың 15-іне дейін @halykbank.kz ресми Instagram парақшасында тікелей эфирде жарияланады.

Amian қосымшасы – чектерді сақтау мүмкіндігін беретін цифрлық көмекші.

Қосымша App Store және Play Market платформаларында тегін жүктеп алуға қолжетімді.

 

Маңызды:

Фискалдық чекті талап ету – бұл тек сыйлық ұтып алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғау, есеп айырысудың ашықтығына ықпал ету және адал кәсіпкерлікті дамыту жолы.

Әрбір чекті сыйлыққа және қаржылық мәдениетке жасалған қадамға айналдырыңыз!

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1035274?lang=kk