СӘИЖ кезең-кезеңімен іске қосу жалғасуда
16.07.2025 17:21:40 352Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа «Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесін» (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде.
2025 жылғы 16-шілдеден бастап СӘИЖ СТК-не келесі нысандары табыс етуге қол жетімді болады:
- Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (110.00 СЕН);
- Жеке табыс салығы бойынша декларация (240.00 СЕН);
- Роялти бойынша, өндіру бонусы бойынша, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметін қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі бойынша (декларация) (500.00 СЕН);
- Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдердің сомалар есебі (851.00 СЕН);
- Цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша декларацияның нысаны (880.00 СЕН);
- Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00 СЕН);
СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.
СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған
Сұрақтар болған жағдайда Қолдау қызметіне хабарласуға болады:
- knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы
- 8 (7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;
- СӘИЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалану арқылы.
Назарларыңызға: СӘИЖ СТК қызметінің іске қосылуына байланысты жоғарыда көрсетілген салық есептілік нысандарын ескі СТК және СЕӨЖ арқылы ұсыну мүмкіндігі бұғатталатынын ескертеміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1035577?lang=kk