Сауда және интеграция министрлігінде қызметтік этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша оқыту семинары өтті
17.07.2025 15:32:14 297
2025 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінде мемлекеттік қызметшілер арасында іскери этика, ресми мінез-құлық нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелеріне арналған оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларымен, мүдделер қақтығысының алдын алу жөніндегі міндеттермен, сондай-ақ ашықтық, заңдылық және адал қызмет қағидаттарымен таныстырылды.
Семинарда этикалық мінез-құлық нормаларын сақтауға ерекше назар аударылды, атап айтқанда:
- қызметтік міндеттерін атқару кезінде құмар ойындарға қатысуға және белгіленбеген орындарда шылым шегуге қатаң тыйым салу;
- қоғамдық орындарға алкогольдік немесе өзге де мастық күйінде келуге тыйым салу, бұл мемлекеттік қызметшінің мәртебесіне сай емес және мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіреді;
- қызметкерлерді деструктивті діни ағымдарға тартуға жол бермеу;
- дискриминацияға, қысым көрсетуге және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға тыйым салу.
Қатысушылар тексерулер жүргізу, азаматтармен өзара іс-қимыл жасау және цифрлық ортада өзін-өзі ұстау кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі нақты шараларды талқылады.
Мұндай оқыту іс-шараларын өткізу — бұзушылықтардың алдын алудың және министрлік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1036143?lang=kk