«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Үкімет қаулысының жобасына баспасөз хабарламасы
17.07.2025 18:01:35 341
2025 жылғы 17 шілдеде НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15555638) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Үкімет қаулысының жобасы (бұдан әрі – жоба) орналастырылды.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астана мен Республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды, кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде іске асырылды.
Осы жобамен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 137 қаулысы «Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы», сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері жойылуға қойылады.
Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1036388?lang=kk