ЖОСПАР 2025: АЙҚАП-ТҮРКІСТАН, СОЛТҮСТІК-БАТЫС ШАҒЫН АУДАНДАРЫ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

ЖОСПАР 2025: АЙҚАП-ТҮРКІСТАН, СОЛТҮСТІК-БАТЫС ШАҒЫН АУДАНДАРЫ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

20.07.2025 17:57:13 12754

Шымкентте елдімекендерді кәріз жүйесімен қамту жалғасуда. Былтыр қыркүйекте Айқап-Түркістан шағын ауданын кәріз жүйесімен қамту жұмыстары басталған болатын. Құрылыс жұмыстары “Агидель-Ас” ЖШС тарапынан жүргізілуде. Нысан жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.

Ал өткен жылы тамызда басталған Солтүстік-Батыс шағын ауданындағы кәріз жүйесінің құрылысы биыл мамырда аяқталады. Нәтижесінде 567 тұрғын кәріз жүйесіне қосылады.

Былтыр бұл бағыттағы жұмыстар Нұртас шағын ауданында жүргізілген, қазір мұнда 17 970 тұрғын үй орталықтандырылған канализация желілеріне қосылды. Ал қазіргі таңда Шымкент қаласы Тұран ықшам ауданынан тазарту
құрылысына дейін Алматы трассасының бойында кәріздік коллектор салу» жұмыстары жүргізіліп жатыр.