“Халықпен жақын байланыс – басты мақсатымыз”

“Халықпен жақын байланыс – басты мақсатымыз”

21.07.2025 17:42:48 17737

Баянды ауылында Отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Халықпен жақын байланыс – басты мақсатымыз” атты жиналыс өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жергілікті тұрғындармен өзара байланысты нығайту, олардың әлеуметтік мәселелеріне назар аудару және қолдау көрсету жолдарын бірлесе қарастыру болды. Жиын барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды.

Жиналысқа Отбасын қолдау орталығынан әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Сапарбаева А.У., заңгер Салихова Г.С. және психолог Шамшетова Ф.Б. қатысты. Сонымен қатар, Баянды ауылы әкімі аппаратының тарапынан бас маман Гүлмира Сүйенішқызы және учаскелік полиция инспекторы қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында отбасы құндылықтарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әлеуметтік қолдаулар жөнінде кеңестер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1037709?lang=kk