Депутаттар 13 шағынауданындағы мектептің құрылысы барысымен танысты
21.07.2025 18:04:26 14502
Аудандық және облыстық мәслихат депутаттары аудан әкімінің орынбасары М. Нурмаковпен бірге Ақсай қаласындағы 13 шағын ауданда салынып жатқан 900 орындық мектеп құрылысының жұмыс барысын қарап шықты.
Депутаттар құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Альтаир-СК7» ЖШС өкілдерімен кездесіп, атқарылып жатқан істерге қатысты сұрақтарын қойды. Әсіресе, құрылыс сапасына ерекше назар аударылды.
Жобаның ерекшеліктері
Мердігердің айтуынша, мектеп жобасында келесідей нысандар қарастырылған:
Стадион, жүгіру жолы, хоккейге,баскетбол, волейбол ойындарына арналған алаңдар болады.
Ұсыныстар мен ескертулер
Депутаттар атқарылып жатқан жұмыстар бойынша өз ұсыныстарын айтып, құрылысшыларға техника қауіпсіздігін сақтау қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, жұмыстың белгіленген мерзімде және сапалы аяқталуы маңызды екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1037785?lang=kk