Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны тапсырудың жаңа ережелері

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны тапсырудың жаңа ережелері

22.07.2025 12:12:05 19092

📢 ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ

🗓 2025 жылғы 15 шілдеде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды.

📌 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңіне енбеген келесідей азаматтардың шетелде мүлік немесе шоттары болмаса декларация тапсырудан босатылады:
👵 зейнеткерлер
👨🔧 жекеменшік компанияларда жұмыс істейтіндер
👩🎓 студенттер
👩👦 үй шаруасындағы әйелдер және басқа санаттағы азаматтар

‼️ 250.00 нысанды кімдер тапсыруы керек?
✅ Сайланбалы немесе мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар және олардың жұбайлары
✅ Банктерде, сақтандыру ұйымдарында және бағалы қағаздар нарығында ірі қатысушы болуға үміткерлер және олардың жұбайлары
✅ Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар және т.б.)
✅ Сандық активтердің иелері
✅ Шетелдегі мүлік иелері, оның ішінде:
🏠 жылжымайтын мүлік, 🚗 автокөлік, 💰 банк шоттары
📈 шетелдік компаниядағы үлес
📊 бағалы қағаздар, сандық активтер
💵 брокерлік шоттар
💡 зияткерлік меншік
📄 берешектер (растайтын құжаттар болған жағдайда)

📌 Сонымен қатар, құны 1000 АЕК-тен асатын (2024 жылы – 3 692 000 теңге) өзге де мүлік декларацияда көрсетілуі тиіс.

🆕 Тағы не өзгерді?
🔹 Резидент еместер болып табылатын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырмайды
🔹 Декларацияланатын активтер тізбесі кеңейтілді
🔹 Қарыз міндеттемелерін растаудың жаңа нысандары енгізілді
🔹 Мүлік құны мен бағалау мерзімдері бойынша талаптар жаңартылды

📌 270.00 нысанды кімдер тапсыруы тиіс?
🔸 Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары
🔸 Заңды тұлғаларда және АҚ-да 10%-дан астам үлесі бар басшылар мен меншік иелері
🔸 Өзін-өзі салықтандыруға жататын табыс алған тұлғалар
🔸 Сандық активтердің иелері
🔸 20 000 АЕК-тен (2025 жылы – 78,6 млн теңге) асатын мүлік сатып алғандар және басқа тұлғалар

📲 Декларацияны қалай тапсыруға болады?

💻 Онлайн:
✔ cabinet.salyk.kz
✔ egov.kz
✔ Қосымшалар: e-Salyq Azamat, eGovmobile, moldir.qoldau.kz, Kaspi, HALYK, BCC

📄 Қағаз түрінде:
✔ Мемлекеттік кірістер органдары
✔ ХҚКО
✔ Тапсырылған хатпен пошта арқылы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1038226?lang=kk