Зияткерлік меншік құқығы комитеті мен KT&G Global Kazakhstan өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
24.07.2025 17:51:49 1452
2025 жылдың 24 шілдесінде Астанада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Әбдіреева мен KT&G Global Kazakhstan бас директоры Сео Джи Чуль өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат зияткерлік меншік саласындағы, атап айтқанда, контрафактілік темекі өнімдерімен күрестегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған шеңберлік ынтымақтастықтан өзара іс-қимылдың тереңірек және практикалық үлгісіне көшуді көрсетеді.
Меморандумға қол қою зияткерлік меншік саласындағы мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайтудағы маңызды қадам болды. Ол контрафактілік өнімдермен күресуге, зияткерлік меншікті қорғау мәдениетін арттыруға, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге, инновациялық қызметті қолдауға бағытталған бірлескен бастамаларды дамытуды көздейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1040026?lang=kk