Қызметкерлер үшін семинар өткізілді

Қызметкерлер үшін семинар өткізілді

25.07.2025 18:32:21 737

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Әдеп жөніндегі уәкілі,  департаментінің басшының орынбасары Бауыржан Шайкеновтің төрағалығымен департаменттің бөлім басшылары мен қызметкерлерінің, сондай-ақ Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қатысуымен кеңес өткізілді.

Кеңес барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің ережелерін қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтаудың, құқық бұзушылықтардың алдын алу сонымен қатар  құмар ойындарға тәуелділік мәселелері талқыланды.  

Кеңес қорытындысы бойынша басшыларға  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды қамтамасыз етуге,  ішкі бақылауды күшейтуге, қызметтік тәртіпті нығайтуға және қызметтік міндеттерді орындау тиімділігін арттыруға, заңсыз әрекеттеріне жол бермеуге бағытталған тапсырмалар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1040760?lang=kk