ШЫМКЕНТ: ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ЕСЕБІНЕН ЕРЕКШЕ ОҚЫТУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ШӘКІРТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАТАҚХАНА САЛЫНУДА
26.07.2025 10:58:55 627
Бұл әлеуметтік нысан сөйлеу және өзге де кемістігі бар 300-ге жуық оқушыны заманауи жайлы жатын орынмен қамтамасыз етуге бағытталған. Жатақханада оқушыларға қажетті барлық жағдайлар жасалған. Мұнда медицина кабинеті, спорт, жаттығу, тынығу бөлмелері қарастырылған. Қазіргі уақытта ғимараттың қабырғасын өру жұмыстары жүргізілуде. Нысанды биыл желтоқсан айында аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру мерзімі мен құрылыс жұмыстарының сапасы бақылауда. Активтерді жергілікті халықтың игілігіне, өмір сүруін жақсартуға тікелей әсер ететін маңызды жобаларға бағыттау жалғасуда.