CLAAS дилерінен ауыл шаруашылығы техникасы «Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» көрмесінде
31.07.2025 08:22:02 583
CLAAS компаниясының Қазақстандағы ресми дилері — CT AGRO халықаралық ауыл шаруашылығы көрме-көрсетілімі «Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» аясында ауыл шаруашылығының түрлі бағыттарына арналған техника үлгілерін ұсынуды жоспарлап отыр. Қонақтар мен қатысушылар назарына астық жинау комбайндары, тракторлар, мал азығын жинау техникалары және басқа да заманауи шешімдер ұсынылады.
Әлемдегі ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші ірі компаниялардың бірі CLAAS Қазақстанда 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Жоғары өнімділігі мен сенімділігі арқасында компания өнімі еліміздің аграршылары арасында зор сұранысқа ие. 2021 жылы Петропавл қаласында CLAAS комбайндары, тұқым себу кешендері, тракторлар және басқа да техника түрлерін құрастыратын зауыт іске қосылды.
«Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» дала күні 2025 жылдың 31 шілдесі мен 1 тамызы аралығында өтеді. Іс-шара Қостанай облысы, Мендыкарин ауданы, Степановка ауылында, «Восток-1» ЖШС және «Агрофирма Қарқын» ЖШС демонстрациялық алқаптарында ұйымдастырылады (Қостанай қаласынан 65 км).
Көрме қонақтары мен қатысушылары қатарында машина жасау кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын өндірушілер, қазақстандық және шетелдік жеткізушілер, сондай-ақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы салаларындағы ғылыми мекемелердің өкілдері болады.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарының мамандары мен фермерлер CLAAS өндірісінің техникасымен танысу және шаруашылықтарына лайықты нұсқаны таңдау мақсатында көрмеге арнайы келеді. Осыны ескере отырып, CT AGRO келесі техникаларды ұсынбақ:
- CLAAS JAGUAR 870 мал азығын жинау комбайны
- CLAAS ORBIS 750 сүрлемге арналған жүгері жаткасы
- CLAAS XERION 5000 тракторы
- HORSCH SPRINTER 18 NT анкерлік тұқым сепкіші
- CLAAS ROLLANT 520 RF пресс-подборщигі
- MACDON M155 өздігінен жүретін шалғысы + 10.6 м жатка
- CLAAS XERION 12.540 тракторы
- CLAAS TRION 730 астық жинау комбайны
- CLAAS CONVIO 1080 FLEX жаткасы
- HORSCH LEEB 6.280 VL өздігінен жүретін бүріккіш
- BAUER сепараторы
CLAAS техникасы — бұл еңбек өнімділігін арттыратын және жұмысты жеңілдететін алдыңғы қатарлы технологиялар. Ал CT AGRO компаниясы Қазақстан аумағы бойынша сапалы сервистік қызмет пен техникалық қолдау көрсетеді.
________________________________________________
«Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығы
Ринат Тасбулатов, 8 701 460 91 82
e-mail: rinat_tas@mail.ru
https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1043232?lang=kk