ҚР Елшісі Алмас Сейтақыновтың Теңізге шыға алмайтын елдерге арналған Зерттеу орталығының директоры Дулгун Дамдинод мырзамен кездесуі туралы

ҚР Елшісі Алмас Сейтақыновтың Теңізге шыға алмайтын елдерге арналған Зерттеу орталығының директоры Дулгун Дамдинод мырзамен кездесуі туралы

31.07.2025 08:22:06 715

Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 23 шілдеде – Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақыновтың Теңізге шыға алмайтын елдерге арналған Зерттеу орталығының директоры Дулгун Дамдинод мырзамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында қазақстандық тарап аталған орталықтың қызметімен, оның мандаты, негізгі мақсаттары мен міндеттерімен танысты.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қою және дамыту перспективаларын талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1043216?lang=kk