Алматы облысының дәрігерлері шетелдік тәжірибемен бөлісті

Алматы облысының дәрігерлері шетелдік тәжірибемен бөлісті

31.07.2025 08:30:38 693

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов Беларусь және Ресей елдерінде тәжірибе алмасып келген дәрігерлермен кездесті. Кездесу барысында шетелде үйренген жаңа әдістер мен заманауи емдеу тәсілдерін жергілікті ауруханаларда енгізу мәселелері талқыланды.

Дәрігерлер Беларусь пен Ресейдің алдыңғы қатарлы клиникаларында болып, заманауи медициналық технологияларды меңгеріп қайтқан. Енді олар бұл білімдері мен тәжірибелерін отандық денсаулық сақтау жүйесінде қолдануға дайын.

Ержан Сүлейменов медицина саласындағы жаңашыл бастамаларға қолдау көрсетіп, өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған мұндай тәжірибе алмасулардың маңыздылығын атап өтті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1043238?lang=kk