Қостанайда заңсыз алкоголь өнімдерінің анықталды
31.07.2025 15:51:03 979
Қостанайда заңсыз алкоголь өнімдерінің анықталды
2025 жылғы 29 шілдеде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері бірлесіп бақылау-профилактикалық іс-шаралар аясында тексеру жүргізді.Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша, азамат Ш.-ның заңсыз айналымда есепке алу-бақылау таңбаларынсыз (УКМ) алкоголь өнімдерін сақтағаны және өткізгені анықталды.Тексеру нәтижесінде УКМ-сыз 5 054 литр, яғни 9 606 бөтелке алкоголь өнімі тәркіленді. Аталған өнімдер Қазақстан Республикасының салық және акциз заңнамасын бұза отырып айналымда болған.Есепке алу-бақылау таңбалары – алкоголь өнімінің заңды шығу тегін және тиісті салықтар мен акциздердің төленгенін растайтын міндетті таңбалау элементі болып табылады. Бұл таңбалардың болмауы – салық, акциз және санитарлық заңнамалардың бұзылуының белгісі.Анықталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 283-бабының 2-бөлігі және 463-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Тауарды тәркілеу түріндегі шаралар қабылдануда.Мемлекеттік кірістер органдары ескертеді:УКМ-сыз және рұқсат құжаттарынсыз акцизделетін өнімді сақтау және сату әрекеттері қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік және (немесе) қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.Тұрғындарға және кәсіпкерлерге заңды жеткізушілерден ғана алкоголь өнімін сатып алып, УКМ-ның болуын тексеруді ұсынамыз.Акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымы туралы мәліметтерді мына телефон арқылы хабарлауға болады:+7 (7142) 53 72 14
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1043692?lang=kk