Катонқарағайға ерекше қонақтар келді!
01.08.2025 08:12:13 682
Атыраулық Алмат Лепесов – өз қолымен жабдықтаған дөңгелекті үйімен елімізді аралап жүрген өнер жанашыры. Бастапқыда эстрада жұлдыздарына арналған бұл автобус бүгінде көшпелі мәдени шаңыраққа айналған.
Бұл жолы Алмат мырза Катонқарағайдың көркем табиғатын көрсетіп, рухани серпіліс сыйлау үшін Арал, Қызылорда, Ақтөбе және Қонаев қалаларынан достарын арнайы ертіп келді. Алтайдың саф ауасы мен тұмса табиғаты қонақтарымызға шабыт, шипа және жан тыныштығын сыйласын деген тілегіміз бар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1044032?lang=kk