2024 жылғы қорытынды бойынша ЖІӨ өсуін алдын ала бағалау 5%-ға дейінгі арттыру жағына қарай қайта қаралды
01.08.2025 11:12:42 385
ҚР Ұлттық статистика бюросының ресми дерегіне сәйкес, ел экономикасының қорытынды өсуі 2024 жылғы қорытынды бойынша 5%.
Бұдан бұрын, ЖІӨ өсуі алдын ала 4,8%-ға бағаланған. ҰСБ ақпараты бойынша, 2024 жылғы экономикалық өсу едәуір деңгейде мұнайға жатпайтын сектордың дамуы арқылы қамтамасыз етіліп отыр.
Тауар өндірісі 6,3%-ға артып (алдын ала дерек -5,5%), қызмет көрсету секторы 4,6%-ға өсуді көрсетті. Өзекті фактордың бірі өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің 6,8%-ға (бұрын -5,9%) өсуі. Бұл 2011 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Құрылыс секторы 15,3%-ға (бұрын - 13,1%), ауыл шаруашылығы 13,7%-ға (бұрын - 13,3%) айтарлықтай үлес қосты.
Байланысты салалар да оң серпін көрсеткен. Ішкі сауда көлемі 8,9%-ға (бұрын - 8,8%), көлік пен қоймалау қызметі 9,4%-ға (бұрын - 8,5%) артты.
Қол жеткізілген нәтиже нақты секторды қолдау, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, инвестициялық белсенділікті ынталандыру мен қаржы құралына қол жеткізуді арттыру шарасының арқасында жүзеге асты.
Экономикалық саясатты кешенді іске асыру ішкі сұранысты нығайтуға, кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне, өндірістік әлеуетті арттыруға ықпал етті.
Осылайша, маңызды салалардағы, әсіресе, тау-кен өнеркәсібінің (12%) үлесінен асып түсетін ЖІӨ 12,4%-ы —өңдеу өнеркәсібіндегі оң серпін есебінен экономиканың одан арғы орнықты өсуі мен әртараптандырылуына негіз жасалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1044189?lang=kk