Абай Құнанбайұлының 180 жыл толуына орай 10 күндік іс-шаралар легі бастау алды

Абай Құнанбайұлының 180 жыл толуына орай 10 күндік іс-шаралар легі бастау алды

01.08.2025 17:20:46 770

Бүгін, Жетісу облыстық «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» тәрбиеленушілеріне арнап «Абай – қазақтың ұлы тұлғасы» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға Абай мұрасын таныстыру, оның шығармашылығы арқылы ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттыру және тұлғалық дамуына ықпал ету болды.

Кітап көрмесінде Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығына арналған кітаптар, өлең жинақтары, қара сөздері, ақын туралы жазылған зерттеу еңбектер мен заманауи көркем әдебиеттер қойылды.

Шара барысында  кітапханашы Айнұр Иманбаева библиографиялық шолу жүргізіп, әрбір кітаптың мазмұны, тарихи маңызы мен тәрбиелік мәні жайлы кеңінен әңгімеледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1044570?lang=kk