ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ – 2025

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ – 2025

04.08.2025 11:36:52 11626

 

ДИҚАНШЫ – ЕҢБЕКТІҢ НАҚТЫ ИЕСІ!

2025 жыл – елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғаны – ауыл еңбеккерлеріне деген құрметтің белгісі. Осыған орай, дала ерлері – диқаншылар туралы сөз қозғау – парызымыз.

Диқаншы – бұл тек жер жыртып, егін еккен адам ғана емес. Ол – табиғатпен үндестік тапқан, әр дәннің қадірін білетін, егіннің жайқалып өсуіне маңдай терін төккен шын еңбек иесі.

Бүгінде ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды саласы.
Диқаншылар – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған ел қорғаны.
Жаңашыл агротехнологияларды меңгеріп, заман талабына сай еңбек ету – қазіргі диқанның басты міндеті.

Диқаншы болу – нағыз кәсіп, нағыз батырлық!

#ЖұмысшыМамандықтарЖылы2025
#ДиқаншыҚадірліМамандық
#АуылЕңбеккері – ЕлАзығы