Алматы облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмыстары жалғасуда
06.08.2025 16:12:26 2653
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында «Қонаев» ӘКК» АҚ кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесіп, Алматы облысы аумағында әлеуметтік дүкендер мен сауда нүктелерін ашу жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.
Аталған жұмыс үшжақты агенттік келісімшарттар негізінде жүзеге асырылып, сауда орындары халыққа күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлерін нарық бағасынан 10–15% төмен белгіленген тұрақты бағамен ұсынады. Бұл өз кезегінде тұрғындардың негізгі азық-түлікке қолжетімділігін арттырады.
Бүгінгі күні белгіленген бағалар төмендегідей:
- күріш — 320 тг/кг,
- 1-сортты бидай ұны — 175 тг/кг,
- қарақұмық жармасы — 200 тг/кг,
- құмшекер — 382 тг/кг,
- макарон өнімдері (құрыш) — 250 тг/кг,
- ас тұзы — 65 тг/кг,
- күнбағыс майы — 578 тг/л (5 литрі — 2890 тг).
Облыс көлемінде сауда субъектілерімен жалпы 58 агенттік келісімшарт жасалған. Сауда нүктелеріне тауарлар Қонаев, Алатау қалалары мен Іле, Талғар, Райымбек және Кеген аудандарынан келіп түскен өтінімдер негізінде тұрақтандыру қорынан жеткізіледі.
Бұл бастама нарықтағы баға тұрақсыздығы жағдайында халықты қолдауға бағытталған және алдағы уақытта өңірдің басқа да елді мекендерін қамти отырып жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1046590?lang=kk