Шымкентте Қарабастау шағын ауданы газдандырылды

Шымкентте Қарабастау шағын ауданы газдандырылды

08.08.2025 12:09:31 9007

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қарабастау ықшамауданының тұрғындарымен бірге көгілдір отынның іске қосылуына қатысты. Жобаны жүзеге асыру 1408 үйді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, бұл жергілікті тұрғындардың жайлылық деңгейі мен қауіпсіздігінің артуына тікелей әсер етеді.

Осы уақытқа дейін 9 мыңға жуық адам тұратын Қарабастау орталықтандырылған газбен толық қамтылмаған. Жауапты қызметтер мен мердігерлердің келісілген әрекеттерінің арқасында ауқымды жоба сәтті аяқталды.

«Газдандыру – бұл жүйеге қосылу ғана емес, ықшам ауданның өмір сүру сапасын жақсарту мен тұрақты даму жолындағы елеулі қадам», - деп атап өткен қала әкімі жобаны жүзеге асыруға атсалысқандардың барлығына алғысын білдірді.

Газға қосылу өмір сүру жағдайын айтарлықтай жақсартады және қатты отынды пайдалануды азайтады, бұл экологиялық жағдайға да оң әсер етеді.