ҚҰРМЕТ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ

ҚҰРМЕТ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ

08.08.2025 16:09:12 7899

 

Есімов Мекенбай Сүйінбекұлы - өз ісіне адал, табанды еңбегімен танылған құрылысшы.
Ол бірнеше жылдан бері Шымкент қаласындағы «КДСМ» ЖШС құрылыс компаниясында құрылысшы болып еңбек етіп келеді. 
Өз ісінің шебері ретінде әрбір нысанның сапалы әрі уақытылы салынуына үлес қосып жүр.   
Жалпы, құрылысшы – барлық саланың негізін қалайтын мамандық. Жол, мектеп, аурухана, тұрғын үй – бәрі де осы маман иелерінің маңдай терімен бой көтереді. Құрылысшының қолынан шыққан әр нысан – ел дамуына қосылған нақты үлес, келер ұрпаққа қалатын игілік.
Сондықтан,осы салада еңбек етіп жүргенін  Мекенбай Сүйінбекұлы мақтан тұтады. Ол қажырлы еңбегінің  арқасында ол “Елеулі еңбегі үшін” төсбелгісімен де  марапатталды.
Қаламыздың, жалпы оңтүстік өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген Мекенбай Есімов сынды қарапайым жұмысшылар   –  бүгінде жастарға үлгі.