Талғар ауданында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтті

Талғар ауданында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтті

09.08.2025 08:02:42 256

Талғар аудандық мәдениет үйінде қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және философы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков, аудан әкімінің орынбасары, мекеме басшылары, қоғам өкілдері мен жастар қатысты.

Бағдарлама аясында Абай оқулары ұйымдастырылып, ақынның өлеңдері, «Қара сөздерінен» үзінділер және әндері орындалды. Жас өнерпаздар мен мектеп оқушылары ұлы ойшылдың шығармашылығына деген құрметін білдіріп, тыңдарманға оның туындыларының рухы мен даналығын жеткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар Абай мұрасының қазіргі қоғам үшін маңыздылығын атап өтіп, оның мол рухани қазынасы – ұлттық мәдениеттің маңызды бөлігі және жас ұрпақ үшін сарқылмас тәрбие көзі екеніне тоқталды.

Абай Құнанбайұлы ұрпаққа әдеби мұра ғана емес, адамгершілік пен руханиятқа толы құндылықтарды аманаттап, ұлттың рухани байлығын нығайтқан ұлы тұлға болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1048291?lang=kk