Арт-терапия шарасы: шығармашылық арқылы ішкі әлемге саяхат.
09.08.2025 15:04:27 200
2025 жылдың 7 тамызында №28 мекемесінде мекеме психологтарының ұйымдастыруымен ерекше әрі мағыналы арт-терапия шарасы өтті. Шараның мақсаты: қатысушылардың психоэмоционалдық күйін жақсарту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ішкі жан дүниесін еркін өрнектеуге мүмкіндік беру болды.
Арт-терапия –өнер арқылы емдеу әдісі. Бұл терапия түрі адам жанына тыныштық орнатып, эмоцияларын қағаз бетіне, түстер мен бейнелер арқылы шығаруына жол ашады. Шара барысында сотталған азаматтар түрлі материалдарды пайдаланып, еркін тақырыпта сурет салды. Сонымен қатар, өнер туындылары арқылы өз ойларын, сезімдерін ортаға салып, пікір алмасты. Мамандардың айтуынша, мұндай шығармашылық әрекеттер адамның өзін-өзі тануына, күйзелісті жеңуіне және тұлғалық дамуына оң әсерін тигізеді.
Шара соңында қатысушылар өз жұмыстарын таныстырып, алған әсерлерімен бөлісті. Көпшілігі бұл тәжірибенің рухани демалып, күнделікті күйбең тірліктен арылуға көмектескенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1048343?lang=kk