ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ КҮНІ НАҒЫЗ РУХАНИ-МӘДЕНИ МЕРЕКАҒА АЙНАЛДЫ.

ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ КҮНІ НАҒЫЗ РУХАНИ-МӘДЕНИ МЕРЕКАҒА АЙНАЛДЫ.

10.08.2025 13:07:15 188

Шымкентте ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған ауқымды шаралар өтті. Мереке Абай саябағындағы ақын ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды.

Шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының ректорлары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, белсенді жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Салтанатты шара барысында балалар Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Қатысушылар 2009 жылы ашылған Хакім Абай мұражайында да болып, ақынның шығармалары мен аудармаларымен, сол кездегі қазақ халқының тыныс-тіршілігімен танысты.

Мерекелік бағдарлама ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін құнды жәдігерлер қойылған «Ұлы даланың Ұлы Абайы» көрмесі өткен Көрме орталығында жалғасты.

Рухани-мәдени фестиваль «Абай әлемі» республикалық байқауымен және қаланың барлық мәдениет мекемелерінде өткен концерттермен, әдеби кештермен аяқталды.