Құрметті жылу энергиясын тұтынушылар!
12.08.2025 18:21:56 1400
Магистральдық және аулаішілік жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізу нәтижесінде 5 жарылу орны анықталды, олардың екеуі жедел түрде жойылды (Бородин және Дощанов көшелері).
Қазіргі уақытта қалған үш жарылу орнында жөндеу жұмыстары жүргізілуде:
- Тәуелсіздік көшесі – Баймағамбетова көшесі;
- Тәуелсіздік көшесі – Бородин көшесі;
- Мауленов көшесі.
Кәсіпорын барлық жарылыстар мен ақауларды қысқа мерзімде жою үшін бар күшін салуда.
Сонымен қатар, «QAZAQGAZ AIMAK» АҚ тарапынан «КТЭК» ШЖҚ МКК-ның жылу көздеріне газ беру тоқтатылуына байланысты, ыстық су беру 2025 жылғы 15 тамыздан кейін жүзеге асырылады (жарылу орындары әлі жойылмаған аудандардан басқа).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1049871?lang=kk