Ауыл әкімі тұрғындарды жеке қабылдады
13.08.2025 12:23:30 257
11 шілде күні Баянды ауылының әкімі Бектұрлы Аманкелдіұлы тұрғындарды жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар инфрақұрылым, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, жер мәселесі және өзге де маңызды сұрақтар бойынша өтініштерін жеткізді.
Әкім әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, кейбір сұрақтар бойынша тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берді. Жекелеген өтініштер бойынша жауаптар сол сәтте беріліп, қалғандары бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1050199?lang=kk