Қаржы министрлігінің басшылық құрамы спортты белсенді түрде қолдап, оны дамытуға атсалысып келеді
15.08.2025 18:41:31 189
Айталық, Қаржы министрі Мәди Такиев отандық волейбол федерациясын басқарса, министрдің орынбасары Ержан Біржанов еліміздің триатлон федерациясына жетекшілік етеді.
Таяуда Ержан Ерікұлы әлемдік және азиялық триатлон қауымдастығының өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Бұл ретте кездесуге World Triathlon ұйымының бірінші вице-президенті доктор Дебби Александр, Asia Triathlon президенті және Сауд Арабиясының олимпиада және паралимпиада комитетінің вице-президенті, мәртебелі ханзада Фахад бин Джалави бин Абдулазиз Әл Сауд, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің бас хатшысы және Триатлон федерациясының вице-президенті Әлімжан Ақаев, сондай-ақ федерациясының вице-президенті Жандос Қайргелді де қатысқанын айта кетейік.
Тараптар Азия елдеріндегі өзара іс-қимылдың стратегиялық бағыттарын, сондай-ақ тәжірибе алысып, триатлонды дамытуды талқылап, спортшыларды даярлау мен халықаралық жарыстарды ұйымдастыруға ерекше назар аударды.
Ведомство басшылығының саламатты өмірді өркендетуге байланысты жеке ұстанымы корпоративті мәдениетті арттырып, ұжымдағы ауызбірлік пен сенімді нығайтады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1052045?lang=kk