Бүгін Қазақстан Республикасында әлеуметтік көмек көрсетудің қорытынды бағалау (скоринг) үлгісін енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары аясында тұрғындармен кездесу өткізілді
18.08.2025 17:58:36 136
2025 жылғы 18 тамызда «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасында әлеуметтік көмек көрсетудің қорытынды бағалау (скоринг) үлгісін енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары аясында тұрғындармен кездесу өткізілді. Шара барысында қызметкерлер отбасылардың әл-ауқатының деңгейін бағалаудың жаңа жүйесі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бағалау моделі негізгі критерийлерге негізделген: * отбасы мүшелерінің экономикалық жағдайы, әлеуметтік жағдайы, тұрғын үй жағдайы, денсаулық жағдайы. Бұл мемлекеттік қолдауды объективті, ашық және мақсатты түрде тағайындауға мүмкіндік береді. Тұрғындарға: * жаңа модельдің мақсаттары мен артықшылықтары; * цифрлық отбасы картасын жасау тәртібі, * әлеуметтік көмек алу алгоритмі туралы түсініктемелер берілді. Кездесу соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, мамандардан жеке кеңестер алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-social-karagandy/press/news/details/1052854?lang=kk