Қорғаныс министрінің орынбасары гарнизондардағы цифрлық офицерлердің жұмысын тексерді
19.08.2025 08:53:03 168
Абай және Аягөз гарнизондарында Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметіне цифрлық технологияларды енгізудің нәтижелілігін зерделеді.
28738, 10810 әскери бөлімдерінде ол жауынгерлік дайындықты есепке алу мен талдауды ақылды жоспарлайтын «Бес қару» бағдарламалық модулін тәжірибелік пайдалану барысын тексерді.
Жаңа модул іске қосылысымен барлық деңгейдегі қолбасшылық жекелеген әскери қызметшілердің де, бөлімшелердің де дайындық барысы туралы сенімді ақпарат ала алады. Жасанды интеллект таңдалған кезеңге терең талдау жүргізіп, атыс, физикалық немесе арнайы дайындық сияқты нақты көрсеткіштерді жақсарту бойынша ұсыныстар береді.
Бағдарламалық модульді тестілеу Абай, Аягөз және Жетісу гарнизондарының әскери бөлімдерінде де өтуде. Оны енгізу жеке құрамның оқыту сапасын арттыруға ықпал ететін болады.
Министрдің орынбасары Дархан Ахмедиев 36803 әскери бөлімінің әкімшілік аумағына бейнебақылау ұйымдастыруды тексеріп, оны өрістетуге бұйрық берді. Келесі қадам осы бөлімнің әскери техника паркінің аумағын бейнекамералармен жабдықтау болып отыр.
Жергілікті әскери басқару органындағы цифрлық трансформациясының негізгі аспектілері туралы министрдің орынбасарына Абай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров баяндады.
Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Қарулы күштердің қызметіне ақпараттық жүйелерді уақтылы және сапалы енгізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1053010?lang=kk