Мемлекеттік кірістер комитетінің чат- ботында декларациялауға қатысты сұрақтарға жауаптар беріледі

Мемлекеттік кірістер комитетінің чат- ботында декларациялауға қатысты сұрақтарға жауаптар беріледі

19.08.2025 11:05:33 99

Халыққа жедел көмек көрсету мақсатында Telegram қосымшасында @Salyqbot сілтемесі арқылы жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша түсініктемелер алу үшін жаңа сервис әзірленді. Осы бөлімге кіру үшін QR кодын пайдалануға болады.

Сондай-ақ SalyqBot көмегімен Сізде:

- салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді лезде білуге;

- көлік құралдарына салынатын салықты дербес есептеуге;

- салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл сомасын есептеуге;

- өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға;

- түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға;

- тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push-хабарламаларды, сондай-ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды (ақпарат пайдаланушының-жеке немесе заңды тұлғаның мүддесін ескере отырып жіберіледі) алуға;

- банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға;

- егер сіз заңды тұлға болсаңыз, төленген сомалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар.

@Salyqbotқа тіркеліп, цифрлық салық кеңесшісінің қызметін пайдаланыңыз!

 

https://t.me/SalyqBot?start=help_decl

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1053139?lang=kk