ТЕМІР ЖОЛ САЛАСЫНДАҒЫ 21 ЖЫЛДЫҚ АДАЛ ЕҢБЕК
19.08.2025 14:05:10 282
Оразымбет Жақсыбек темір жол саласында ұзақ жылғы тәжірибесімен ерекшеленетін маман. Оның еңбек жолы Сарыағаш станциясындағы жүк және багаж қабылдап тапсырушы лауазымынан басталды. Осы қызметтен бастап, ол пойыздар қабылдаушы ретінде жауапты міндеттерді абыроймен атқарып, кәсіптік шеберлігін шыңдады.
Қазіргі таңда Оразымбет Жақсыбек аға жүк және багаж қабылдап тапсырушы болып қызмет етеді. Ол өз жұмысында жоғары кәсібилік пен адалдықты ұстана отырып, темір жол саласының дамуына елеулі үлес қосуда. Оның 21 жылдық еңбек өтілі – бұл саланың күрделі міндеттерін тиімді орындап, сенімді қызмет көрсетуге бағытталған табанды еңбектің айқын дәлелі.
Оразымбеттің жұмысы – темір жол саласында сенімді әрі тұрақты жұмыс істеу үлгісі. Оның тәжірибесі мен кәсібилігі жаңа буын мамандарға үлгі болып, темір жол инфрақұрылымының дамуына өз ықпалын тигізуде.