ЖТС және ӘС бойынша хабарламаны орындау

ЖТС және ӘС бойынша хабарламаны орындау

19.08.2025 16:37:46 157

Жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік салық (ӘС) – бұл жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер үнемі кездесетін міндетті төлемдер.

Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеуші ұсынған есептілікті тұрақты түрде зерделеп, талдау жүргізеді және ауытқулар анықталған жағдайда, камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама/хабардар ету жолымен бұзушылықтарды өз еркімен жоюға мүмкіндік береді.

Ең жиі кездесетін бұзушылықтар келесі сипатта болады:

  • Салықтық есептілік деректері бойынша кәсіпкерлік қызметтен кірістер алынған немесе басқа дереккөздер негізінде қызметкерлердің бар екені болжанады, бірақ қызметкерлерге есептелген кірістер декларацияланбаған, бұл ЖТС және ӘС бойынша төмендетуге алып келеді;
  • Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны толтыру кезінде жіберілген арифметикалық қателік, бұл бюджетке төленуге тиіс салық сомасының азайтылуына алып келеді;
  • Алдыңғы салықтық кезеңдердегі төленбеген берешектерді көрсетпеу арқылы тексерілетін салықтық кезеңдегі төленген кірістер сомасын төмендету.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 96-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама оны алған күннен кейінгі 30 жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.

Егер хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келісілген жағдайда – анықталған бұзушылықтарды салық төлеушінің тиісті салық кезеңі үшін хабарлама бойынша салық есептілігін ұсыну арқылы жоюы.

Егер хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда – салық төлеуші камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органы жіберген бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қағаз немесе электрондық түрде түсініктеме ұсынады (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 96-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда).

Аталған хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 118-бабына сәйкес салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғады.

Осылайша, бақылау, автоматтандыру және салықтық есеп жүргізуге сауатты көзқарас ЖТС және ӘС бойынша төмендетуге байланысты қателіктердің алдын алуға және қосымша салық есептеулерінің тәуекелдерін азайтуға көмектеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1053451?lang=kk