ТЕМІР ЖОЛЫНДАҒЫ ТЫНЫМСЫЗ ТІРЛІКТІҢ ҚАҺАРМАНЫ
20.08.2025 17:11:17 146
Темір жол саласында ұзақ жылдар бойы абыроймен еңбек етіп келе жатқан Көшерова Айнұра Ибрагимқызы – өз ісінің нағыз маманы. Ол 1973 жылы 14 желтоқсанда дүниеге келген. Кәсіби жолын Сарыағаш станциясында тасымалдау құжаттарын өңдеуші оператор лауазымынан бастап, бүгінгі таңда осы қызметтің аға операторы ретінде жұмыс атқаруда.
Айнұра Ибрагимқызының темір жол саласындағы еңбек өтілі – 19,5 жылды құрайды. Осы уақыт аралығында ол өзінің жоғары жауапкершілігімен, ұқыптылығы және кәсіби біліктілігімен әріптестері арасында зор құрметке ие болды.
Ол атқаратын қызмет – тасымалдау процесін тиімді ұйымдастыру мен құжаттарды уақтылы әрі сапалы рәсімдеуді талап етеді. Айнұра Ибрагимқызы бұл міндетті үлкен жауапкершілікпен атқарып келеді.
Темір жол – мемлекеттің күретамыры болса, осындай өз ісіне адал мамандар саланың дамуына зор үлес қосып келеді. Көшерова Айнұра Ибрагимқызы – соның айқын дәлелі.