Онлайн форматта семинар өткізілді
21.08.2025 10:13:21 194
Ағымдағы жылдың 20 тамызында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен бірлесіп, ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік комитетінің өкілі Гульнара Какеннің қатысуымен «Суретшілер мен фотографтардың авторлық құқықтарын басқару: өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары» тақырыбында онлайн форматта семинар өткізілді.
Семинарда «Қазақстандық репрографиялық құқықтар және бейнелеу өнері туындылары қоғамы» ҚБ төрағасы Ринат Абдулхаликов баяндама жасады.
Іс-шара жұмысына «Қазақстан суретшілер одағы» РҚБ СҚО филиалы басқармасының төрайымы Галия Кожахметова, «Қазақстан суретшілер одағы» РҚБ Қостанай облыстық ұйымының төрағасы Вадим Быков, сондай-ақ екі облыстан келген суретшілер, фотографтар және осы саладағы оқытушылар қатысты.
Іс-шара қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласында, соның ішінде құқықтарды ұжымдық басқару мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін аумақтық әділет органдарының тығыз өзара іс-қимылын жолға қою туралы шешім қабылданды.
Іс-шараның қорытындысында ҚР Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында «Қазақстан суретшілер одағы» РҚБ Қостанай облыстық ұйымының төрағасы Вадим Быковқа белсенді ынтымақтастығы, әріптестікке ашықтығы және тұрақты қолдауы үшін алғыс білдірілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1054410?lang=kk