«Қазақстан Конституциясына 30 жыл» атты дөңгелек үстел өткізу туралы

«Қазақстан Конституциясына 30 жыл» атты дөңгелек үстел өткізу туралы

21.08.2025 15:53:26 173

🔹Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі профилактикалық бақылау жүргізу барысында ауданның орта мектептері, орталық аудандық аурухана директорларының, мүгедектігі бар адамдардың және Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ ұжымының қатысуымен Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында «Қазақстан Конституциясына 30 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел форматында семинар кеңес өткізді.

🔹30 тамызда Қазақстанда 1995 жылы бүкүл халықтық референдумда бекітілген Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толады. Бұл үш онжылдық Конституцияның Тұрақтылығы мен беріктігін атап қана қоймайды, сонымен қатар ұлттық бірліктің маңыздылығын еске салады. Біз бірге кез келген қиындықты жеңе аламыз және негізгі Заңымызда белгіленген әділдік пен заңдылық қағидаттарын ұстана отырып, сенімді түрде алға жылжи аламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1054700?lang=kk