Салық төлеушілерге арналған семинар: 2026 жылғы Салық кодексіндегі жаңалықтар
21.08.2025 18:08:49 6638
2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары аясында Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының Instagram әлеуметтік желісінің парағында тікелей эфирде семинар өтті. Іс-шараға Павлодар қаласының салық төлеушілері қатысты.
Семинар барысында салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер қарастырылды. Жалпыға бірдей декларациялау және арнайы салық режимдерін қолдану сұрақтарына ерекше назар аударылды.
40 салық төлеушілер алдағы жаңалықтармен танысып қана қоймай өз сұрақтарын қоюға да мүмкіндік алды.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1066257?lang=kk