Құрлық чемпионы: армия мергені Ислам Сәтбаев Азия чемпионатында алтын олжалады
21.08.2025 19:20:44 92
Шымкентте өтіп жатқан Азия-2025 чемпионатында жеке есепте әскер спортшысы Ислам Сәтбаев тұғырдың ең жоғарғы сатысына көтерілді.
Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының өкілі үшінші орыннан финалға шықты. 10 метр қашықтыққа ату кезінде Ислам Сәтбаев біліктілікте 631,7 ұпай жинады.
Алтын медаль үшін тартысты сында қазақстандық атқыш үшінші орын алған қытайлық Динкэ Лу мен корейлік Хаджун Пактан 0,3 ұпайға озып кетті.
Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылы Ислам Сәтбаев Азия чемпионатында жеңіске жеткен болатын, сондай-ақ Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарында ел қоржынына қола жүлде салған.
Спорттық ату бойынша Азия-2025 чемпионаты Шымкентте 18-29 тамыз аралығында 26 елден келген 800-ден астам спортшының қатысуымен өтіп жатыр. Оқ атуда 28 медаль сарапқа салынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1054976?lang=kk