Қазақстан СІМ-де Швецияның жаңа елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады

Қазақстан СІМ-де Швецияның жаңа елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады

21.08.2025 19:42:02 130

Астана, 2025 жылғы 21 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Швеция Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Ларс Стефан Эрикссоннан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Швед дипломатын қарсы алып және Қазақстандағы жаңа қызметімен құттықтай отырып, А.Исетов қазақ тарапының екіжақты өзара тиімді қатынастарды жан-жақты тереңдетуге және Астана мен Стокгольм арасындағы байланыстарды нығайтуға мүдделілігін атап өтті.

Сұхбат барысында дипломаттар қазақ-швед ынтымақтастығының саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жағдайы мен келешегін талқылады. Іскерлік байланыстарды кеңейту және сауда-инвестициялық серіктестікті тереңдету мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында тараптар қазақ-швед қатынастарының әлеуетін толық жүзеге асыру мақсатында екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды белсенді жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1054978?lang=kk