21.08.2025ж. - Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты 14 аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының ғимаратында Ашық есік күндері өтті.
21.08.2025 19:42:05 129
📍21.08.2025ж. - Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты 14 аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының ғимаратында Ашық есік күндері өтті.
Іс-шара аясында салық төлеушілерге келесі мәселелер бойынша ақпарат берілді:
📌E-salyq azamat, e-Salyq Business мобильді қосымшаларының және @salyqbot қызметінің артықшылықтары.
Салық ақпаратын оңай алу және салық міндеттемелерін орындау үшін осы қызметтерді қалай пайдалану керектігі егжей-тегжейлі түсіндірілді.
📌Салық төлеушінің кабинетін пайдалану. Іс-шараға қатысушыларға кабинеттің мүмкіндіктері, салық есептілігін беру тәртібі және қолжетімді электрондық қызметтер туралы айтылды.
📌Мобильді аударымдар. Салық төлеушілерге мобильді аударымдарға салық салу тәртібі, оларды қолдану жағдайлары және заңнаманың негізгі талаптары түсіндірілді.
📌Бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолдану.
Кәсіпкерлерге чектерді міндетті түрде беру, олардың жоқтығы үшін жауапкершілік және айыппұл санкциялары туралы еске салынды.
📌Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама. Салық төлеушілерге “сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” ҚР Заңы жеткізілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары туралы түсініктемелер берілді.
📌Мемлекеттік қызметтер. Электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану бойынша оқыту жүргізілді, қолжетімді сервистер және оларды алу тәртібі түсіндірілді.
📌Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістері мен мүлкі туралы декларация санаттары туралы. Іс-шара барысында қатысушыларға жаңа талаптар, декларацияны тапсыру мерзімдері, оны толтыру тәртібі және есептілікті уақтылы ұсынбағаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.
2025 жылғы 13 қаңтардан бастап күшіне енген ҚР Ұлттық Банкінің 2016 жылғы 31 тамыздағы №208 қаулысына сәйкес, төлем тапсырмасын толтыру тәртібіне енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексінің (ҚР Заңы № 214-VIII, 2025 жылғы 18 шілде) негізгі нормалары түсіндірілді.»
Іс-шараның негізгі мақсаты қатысушыларды 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыру болды.
✅ Кездесу барысында кәсіпкерлерге салық кодексінің нормалары түсіндірілді, ҚҚС, КТС, ЖТС сияқты маңызды салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты өзгерістерге ерекше назар аударылды.
✅ Қатысушылар шағын және орта бизнес үшін салық салу ерекшелігін қоса алғанда, маңызды өзгерістер мен инновациялар, салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдетуге және бизнес үшін бюрократиялық кедергілерді қысқартуға бағытталған шаралар туралы толық ақпарат алды.
Салық төлеушілердің барлық сұрақтарына түсініктемелер беріліп, жадынамалар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1054977?lang=kk