Алматыда «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» монографиясы таныстырылды
22.08.2025 15:47:21 845
2025 жылғы 22 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» атты ұжымдық монографияның таныстырылымына қатысып, сөз сөйледі.
Монография Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты дайындаған.
Басылымда Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы саясатының негізгі қағидаттары мен Қазақстанның қазіргі жаһандық сын-қатерлерге бейімделу тәсілдері талданған.
Өз сөзінде Ж. Әбдрашов кітаптың ғылыми, сараптамалық және дипломатиялық қауымдастық үшін маңыздылығын атап өтті.
щества.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1055429?lang=kk