Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтакыновтың Моңғолияның Көлік және жолдар министрі Дэлгэрсайхан Борхумен келіссөздері туралы
22.08.2025 17:18:01 106
Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 21 тамыз – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі А.Сейтақынов Моңғолияның Көлік және жол министрі Д.Борхумен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар автомобиль, әуе және теміржол көлігі салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады. Көлік саласындағы өзара іс-қимылды жандандырудың туризмді, сауданы және гуманитарлық байланыстарды кеңейту үшін айрықша маңызға ие екені атап өтілді.
Сондай-ақ, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, транзиттік әлеуетті арттыру және екіжақты тасымалдар көлемін ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің, сондай-ақ осы бағыттағы нақты бастамалар мен жобаларды іске асыруды қолдаудың қажеттілігі туралы ортақ түсінікке қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1055548?lang=kk