Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті
22.08.2025 17:38:02 94
2025 жылғы 21 тамызында Арман Исмаилов төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырысқа Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Алмат Исенбаев, Тобыл-Торғай су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы ЕҰУ басшысы Алмат Абжанов, Қостанай облысы Кәсіпкерлер Палатасының директорлары Марат Абишев, Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Жибек Сиитова, «НТС-2020» ЖШС директоры Алибек Сулейменов, «НТС-2020 Кумар Байжанов және әкімдік бөлімдерінің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде мәселелер қаралды:
1. Мәслихаттың 2020 жылғы 21 шілдедегі № 493 «Қостанай қаласы әкімдігінің дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2. Қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды немесе қатты пайдалы қазбаларды жерасты тәсілімен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімнің жобасын қарау туралы.
3. Қостанай облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін төмендету жөніндегі нормативтік-құқықтық актінің жобасын әзірлеу жөніндегі хатын қарау туралы.
Депутаттардың бірауыздан шешімімен Қостанай қалалық мәслихатының сессиясын бекітуге Қостанай қаласы әкімдігінің дербес құрамы енгізілді.
Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар бірауыздан шешіммен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды немесе қатты пайдалы қазбаларды жерасты тәсілімен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімнің жобасын пысықтауға қайтарды.
Үшінші мәселе бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін төмендету жөніндегі нормативтік-құқықтық актінің жобасын әзірлеу үшін ҰБТ құру туралы шешім қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1055567?lang=kk