АВТОПАРК ЖАҢАРТЫЛДЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТҚА ШЫҚТЫ

АВТОПАРК ЖАҢАРТЫЛДЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТҚА ШЫҚТЫ

24.08.2025 09:02:06 209

 

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков автопаркке арнайы  келіп, жаңа автобустарды бақылады. Мегаполис басшысы қоғамдық көлікті жаңғырту  негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Тасымалдау қызметінің жайлылығы мен қауіпсіздігі және қолжетімділігі қала тұрғындарының өмір сүру деңгейіне тікелей әсер етеді.

Қалалық автопарк 58 заманауи автобуспен толықтырылды. 28 шағын автобус шалғайдағы шағын аудандар мен тұрғын алаптарға қызмет көрсетеді, 30 автобус бүгінде маршруттарға шығып үлгерді. Барлық көлік құралдары желдеткіш, бейнебақылау жүйелерімен, навигациямен, заманауи төлем желісімен және мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған құрылғылармен жабдықталған.

Қала әкімі жауаптыларға автобустардың тазалығын жіті бақылауды және тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы көлікті пайдалануы үшін қозғалыс кестесін қатаң сақтауды тапсырды.

Айта кету керек, қала әкімдігі қоғамдық көліктердің жолаушылар үшін ыңғайлы, қауіпсіз және экологиялық таза болуын қамтамасыз етуде автопаркті жоспарлы жаңартуды және заманауи технологияларды енгізуді жалғастыруда.