Түркия Республикасының Бас консулымен кездесу

Түркия Республикасының Бас консулымен кездесу

25.08.2025 19:24:31 167

2025 жылғы 25 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Алматы қаласындағы Түркия Республикасының Бас консулы Эврен Мюдеррисоглу қабылдады. Кездесу барысында Ж. Әбдрашов екі бауырлас ел арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, дипломатқа оның одан әрі қызметінде табыс тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1056549?lang=kk