ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ БОЛҒАН ТЕМІРЖОЛШЫ

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ БОЛҒАН ТЕМІРЖОЛШЫ

26.08.2025 15:57:22 163

 

Көп жылдық тәжірибені, еңбекке адалдықты және кәсіби шеберлікті ұштастыра білген сала мамандары еліміздің инфрақұрылымдық дамуына зор үлес қосып келеді. Солардың бірі – Желдібаев Нұрлыбек темір жол саласында табанды еңбек етіп келе жатқан білікті маман.

1981 жылдың 30 наурызында дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын Шанақ станциясында жол шебері лауазымынан бастаған. Алғашқы қызметінен-ақ жауапкершілігімен, тәртіпке деген ұқыптылығымен және кәсібіне шынайы берілгендігімен көзге түскен.

Кейіннен Шанақ станциясы бойынша кезекші қызметін абыроймен атқарып, темір жол қозғалысының үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды. Қазіргі таңда ол Сарыағаш станциясы бойынша кезекші қызметінде еңбек етуде.

Нұрлыбек мырза – темір жол саласында 23 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі маман. Ұзақ жылдар бойы жинаған білімі мен тәжірибесін күнделікті жұмысында тиімді пайдаланып, темір жол қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға өз үлесін қосуда.

Ол – өзінің кәсіби міндеттеріне адал, тәртіп пен еңбек мәдениетін жоғары бағалайтын қызметкер. Мұндай мамандардың еңбегі – ел экономикасының күре тамыры саналатын темір жол саласының ілгерілеуіне берік негіз болады.